Қарағандыда екі жұмысшы құдықты тазартау кезінде қаза болды

Ulysmedia
Фото: Ашық дереккөзден

Қарағандыда екі жұмысшы құдықты тазартау кезінде қаза болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

«Қарағанды су» компаниясының мәліметінше, құбыр құдығын тазалау кезінде екі жұмысшы қаза болған. Әзірге толық емес ақпарат бойынша, 29 және 46 жастағы екі жұмысшы құбырға жиналып қалатын газға уланған болуы мүмкін.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС

Полиция еңбекті қорғау ережесін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Қажетті техникалық, сот-медициналық сараптама тағайындалған.

«Қарағанды су» коммуналды қызмет компаниясының баспасөз қызметі «жұмысшылар кәсіби міндетін атқару кезінде қаза болғанын» растады.

– Қазір комиссия жұмыс істеп жатыр. Еңбек инспекциясы тексеріс жүргізіп жатыр. Ішкі тексеріс жүріп жатыр, – деді компания өкілі.

ЖҰМЫСШЫЛАР ҚАЗАСЫ

Қазақстанда еңбек қауіпсіздігін сақтамау салдарынан жұмысшылар жиі қаза болады. Жақында Павлодарда жаңбыр суына арналған құбырды тазалау кезінде бір жұмысшы қаза болған.