Бас прокуратураға полицейлердің азаптауына қатысты 91 арыз түсті

Аян Өрібай

Бас прокуратура полиция қызметкерлерінің азаматтарды азаптағанын растап, осы бағытта түскен арыздар бойынша шара қолданылатынын жария етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

Фото: Ашық дереккөзден

«Бүгінге прокуратура органдарына азаптау және полиция қызметкерлерінің тергеуі барысында азаматтардың құқықтарын бұзу деректері бойынша 91 арыз түсті. Арыз-шағымдар бойынша шара қолданамыз», - деді Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында.