Қазақстан Қара теңізде қазақ мұнайын экспорттау тоқтағанын растамай отыр

Сырым Қаржас
pixabay.com

Қазақстанның энергетика министрлігі Қара теңіздегі қазақ мұнайының экспорты тоқтап қалды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МИНИСТРЛІК НЕ ДЕЙДІ

Министрлік мәліметінше, қазіргі таңда Қазақстан мұнайын Ресей Федерациясының теңіз порттары арқылы тасымалдау тоқтатылған жоқ.

- Усть-Луга портындағы жағдай бойынша, көлік инфрақұрылымын қорғауды арттыру мақсатында қосымша шаралар енгізілгеніне байланысты «ҚазТрансойл» АҚ «Невская трубопроводная компаниясы» ЖШС-мен келіссөздер жүргізуде, делінген жауапта. 

БҰҒАН ДЕЙІН 

Еске салайық, бұған дейін Қара теңіз арқылы Қазақстан мұнайының экспорты жаңа ресейлік ережелерге байланысты тоқтатылғанын хабарлаған едік. Reuters мәліметінше, Қара теңіздегі Ресейдің басты порттарында шетелдік мұнай танкерлеріне уақытша жүктелуге тыйым салынған.