Ресей Қазақстандағы православ шіркеуінің атауын өзгертуді талап етіп отыр

Мейірман Лес
mitropolia.kz

Мәскеу Қазақстанда "Орыс православ шіркеуі" деген атау қолданылуы керек деп есептейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

ҚазТАГ-тың жазуынша, Мәскеу Патриархаты Қазақстандағы православ шіркеуінің атауын өзгерту туралы шешім қабылдаған. Шіркеудің атауында міндетті түрде “Орыс православ шіркеуі” деген тіркес болуға тиіс. Бұл талап шіркеу құрылымының Мәскеу патриархатына бағынатынымен түсіндірілген.

ҚАЗІРГІ АТАУЫ

Қазіргі уақытта Қазақстандағы Православ шіркеуі ресми сайттарда, жаңалықтарда және күнделікті қолданыста өзін “Қазақстан Республикасындағы Митрополиттік округ” деп атайды.

ДӘЙЕКСӨЗ

– Егер жоғарыда аталған канондық құрылымдардың атауларында тиісті сөз тіркестері көрсетілмесе, оларды осы шешімге сәйкес келтіріп, өзгерту қажет, – дейді Орыс православ шіркеуі өкілдері.