Қазақ оқушылары халықаралық олимпиададан алтынмен оралды

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары елге алтын мен қос күміс сыйлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин хабарлады. 

Әзербайжан астанасы Бакуде өткен IEO – 2025 Халықаралық экономика олимпиадасында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары ел абыройын асқақтатып, үздік нәтиже көрсетті.

ОҚУШЫЛАР

Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Батырхан Мұхтархан халықаралық додада топ жарып, алтын медаль иегері атанса, Астанадағы NIS IB шәкірттері Әділет Абзалиев пен Нұрхан Төлеев күміс жүлдеге қол жеткізіп, Қазақстан қоржынын үш медальмен толықтырды.

- 53 елден 300-ден аса қатысушыны жинаған биылғы олимпиадада бәсекелестік деңгейі жоғары болғанына қарамастан, отандық зияткерлер өз білімдерін жоғары деңгейде көрсетіп, халықаралық сарапшылардың жоғары бағасына ие болды. Ел атын әлем алдында танытқан оқушыларды, олардың ата-аналары мен ұстаздарын осы жарқын жетістікпен құттықтаймын!, дейді Жанғозин.