Қостанайда Ресей мерекесін ұйымдастырғандарға айыппұл салынды

Ulysmedia
Скриншот

Қостанайда Ресей мерекесін ұйымдастырғандарға айыппұл салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Қостанайда Ресейдің әскери-теңіз күштері күні мерекесін ұйымдастырғандарға 78 640 теңге айыппұл салынды. Бұл іс-шараға қалалық әкімдік рұқсат бермеген.

ӘКІМДІК РЕАКЦИЯСЫ

Бұған дейін Қостанай қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Олжас Дүйсеков шараның заңсыз өткенін растаған. Ол ұйымдастырушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін, әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын айтқан.

«Мәдени іс-шараны өткізуді келіспегендіктен ұйымдастырушы әкімшілік жазаға тартылатын болады. Ұйымдастырушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргіздік», — деген ол.