Қазақстандықтар Украина, Ресей және әзербайжандықтарға қарағанда мәрт болып шықты

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Қазақстан әлемдегі қайырымдылық рейтингінде 30-орында тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ӘЛЕМДІК ҮРДІС

Жаһандық зерттеуге сәйкес, жер шарындағы адамдардың орта есеппен 64%-ы қайырымдылықпен айналысады. Бұл қатарға ақшалай көмек көрсету, діни ұйымдарды қолдау және көмекке мұқтаж жандарға тікелей жәрдемдесу секілді әрекеттер кіреді.

Континенттер бойынша қайырымдылықпен айналысатын халық үлесі былайша бөлінеді:

Африка — 72%

Азия — 69%

Еуропа — 59%

Солтүстік Америка — 56%

ЕҢ ЖОМАРТ ЕЛ

Зерттеуге сәйкес, табысының ең көп бөлігін қайырымдылыққа жұмсайтын мемлекет — Нигерия. Бұл елдің тұрғындары орта есеппен табысының 2,83 пайызын игі іске арнайды.

Ал рейтингтің ең төменгі сатысында Жапония тұр. Экономикасы дамыған бұл мемлекетте қайырымдылыққа бөлінетін табыс көлемі небәрі 0,16%. Бұл — дамыған елдер арасындағы ең төмен көрсеткіштердің бірі.

ҚАЗАҚСТАН КӨРСЕТКІШІ

Қазақстан бұл тізімде 30-орынға жайғасып, бірқатар көршілес және ТМД елдерін басып озған. Қазақстан азаматтары табысының орта есеппен 1,21 пайызын қайырымдылыққа жұмсайды.

Салыстыру үшін басқа елдердегі көрсеткіштер:

35-орын: Молдова — 1,12%

44-орын: Украина — 0,98%

64-орын: Әзербайжан — 0,75%

75-орын: Ресей — 0,66%

76-орын: Литва — 0,65%

89-орын: Эстония — 0,51%

91-орын: Латвия — 0,48%

Зерттеу нәтижелері елдердегі азаматтық белсенділік пен әлеуметтік жауапкершілік деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.