Зеленский қабылдаған даулы заң: екі ведомство қайтадан қызметін жалғастыратын болды

Сырым Қаржас
Reuters

Украина Радасы Ұлттық жемқорлыққа қарсы бюро мен Мамандандырылған антикорлық прокуратураның тәуелсіздігін қалпына келтірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Украина Жоғарғы Радасы Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюро (НАБУ) мен Арнайы антикоррупциялық прокуратураның (САП) тәуелсіздігін қалпына келтіру туралы заң жобасын қабылдады. Бұл шешімді 331 депутат қолдады. Заң жобасы №13533 деп тіркелген.

DW басылымының жазуынша, депутаттар қабылданған заңды бірден президентке қол қоюға жолдау туралы да дауыс беріп, қолдаған.

Осылайша, 22 шілдеде қабылданған, НАБУ мен САП-ты бас прокурорға бағындыруды көздеген даулы заң күші жойылды.

31 шілдедегі отырыс кезінде бірнеше депутат Жоғарғы Рада мінберінен шығып, бұл бастаманы көтергендерге жауапкершілік жүктеуді талап етті.

БҰҒАН ДЕЙІН

Украина президенті Владимир Зеленский №12414 заң жобасына қол қойған болатын, бұл құжат НАБУ (Ұлттық жемқорлыққа қарсы бюро) мен САП-ты (Мамандандырылған антикорлық прокуратура) Бас прокуратураға бағынышты етті.