Қазақстандық оқушылар информатикадан халықаралық олимпиадада төрт медаль ұтып алды

Сырым Қаржас
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Оқушылар арасындағы ең беделді әлемдік пәндік олимпиадалар – IChO, IMO, IPhO, IBO, IGeO, IOL, IOI аяқталды. Бүгін Боливияның Сукре қаласында информатика пәнінен IOI-2025 халықаралық олимпиадасы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ 

Екі кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы үздік нәтижеге қол жеткізіп, үш күміс, бір қола қанжығалады.

Күміс медаль:

  • Максим Цой — Алматы қаласындағы РФММ-ның 11-сынып оқушысы;
  • Мансұр Мамадахунов, —Қызылорда облысы «Білім-инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы;
  • Әкежан Асқар — Семейдегі НЗМ-нің 11-сынып оқушысы;

Қола медаль:

  • Дәужан Бекетов — Алматының №165 мамандандырылған лицейінің 9-сынып оқушысы.

ОЛИМПИАДА ТУРАЛЫ

Айта кетейік, Информатикадан халықаралық олимпиада (IOI) алғаш рет 1989 жылы Болгарияда өткізілді.

Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасы бұл беделді жарысқа 1998 жылдан бастап тұрақты түрде қатысып келеді. Осы уақыт аралығында қазақстандық оқушылар барлығы 75 медаль жеңіп алды.