"Қазақстанға шын жүректен тәнтімін": Гутерриш елдің саясатына жоғары баға берді

Мейірман Лес
Ақорда

Бас хатшы Алматыдағы БҰҰ өңірлік орталығында сөйлеген сөзінде Қазақстанның ішкі саяси бағдары мен сыртқы саясатына жоғары баға берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ДӘЙЕКСӨЗ

– Қазақстанға шын жүректен тәнтімін. Мен үшін Қазақстан –даналықтың символы, халықтар арасына дәнекер болып, бейбітшілікке үндейтін ел. Бұл – түрлі этнос пен дін өкілдері бас қосып, ортақ келешекке апаратын жолды бірге іздейтін мекен, – деді ол.

Гутерриш сонымен бірге Қазақстанның ядролық қарудан бас тартқанын ешқашан ұмытпайтынын айтты.

– Осы шешімнің нәтижесінде Сіздердің елдеріңіз бейбітшілік пен қарусызданудың символына айналды. Бүгінгі таңда бұл өте өзекті. Қазақстан әрдайым парасаттылық танытқан әрі сол биігінде қалады. Өкінішке қарай, қазіргі әлемге осындай байыпты ұстаным жетпей тұр, – деді БҰҰ бас хатшысы.

Еске салайық, бұған дейін Ulysmedia.kz сарапшылармен бірге бұл сапардың Қазақстан мен тұтас Орталық Азия үшін маңызын түсіндірген еді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Гутерриш қандай тақырыптарды көтеретініне тоқталды.