Әдеттегідей, «кейбір дереккөздерге» сүйенген Еділов Алматы облысы полиция департаментінің басшысы болып Серік Күдебаевтың орнына Арыстанғани Заппаровтың келетінін жазды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
«Кейбір дереккөздерге сүйенсек, Алматы облысы полиция департаментінің басшысы, генерал-майор Серік Күдебаев лауазымынан босатылды», - деп жазды Еділов.
Арада көп өтпей Еділов бұл лауазымға Ішкі істер министрінің орынбасары – генерал-майор Арыстанғани Заппаров тағайындалғанын жария етті.