Қырғызстан балаларға арналған діни лагерьлерді жаппай жауып жатыр

Ulysmedia
фото: akipress.com

Қырғызстан балаларға арналған діни лагерьлерді жаппай жауып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Қырғызстанның Бішкек, Шу және Ыстықкөл облыстарында заңсыз діни оқыту курстары мен балалар лагерьлері анықталды. Бұл туралы Ұлттық дін істері және этносаралық қатынастар агенттігі хабарлады.

Барлығы 12 лагерьдің жұмысы тоқтатылған.

Жаза

Қырғызстан заңы бойынша, заңсыз діни қызметті жүзеге асырған азаматтарға (тиісті тіркеусіз) айыппұл салынады.

Ведомство үндеуі

Ведомство ата-аналарды балаларды тек ресми тіркелген діни ұйымдар мен оқу орындары ұйымдастырған лагерьлерге жіберуге шақырды.