Қазақстан Қытайдан әскери ұшақтар сатып алды

Ulysmedia
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстан Қытайдан әскери ұшақтарды сатып алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Exclusive.kz сайтының жазуынша, маусым-шілде айларында Қазақстанға Қытайдан үш «Y-8F-200W» әскери ұшақтары жеткізілген. Басылым бұл жөнінде стратегия және технологияны талдау орталығына сүйеніп жазды.

Әскери ұшақтар жақын арада ұлттық гвардия балансына беріледі. Бұл үш ұшақты қосқанда Қазақстанда осындай алты әскери ұшақ бар.

Контекст

БАҚ-та бұған дейін осы ұшақтың тағы екі данасы келесі жылы Қазақстанға жеткізілетіні туралыайқпарат тараған. Бұл Shaanxi Aircraft Corporation-нен 8 ұшақ алу туралы 2018 жылы жасалған ұзақмерзімдік келісімнің бір бөлігі.

Y-8F-200WA ұшағы жүк тасымалдауға арналған. 2023 жылы Қазақстан Ауғанстанға осы ұшақпен гуманитарлық жүк жеткізген. Аталған ұшақ 23 тонна жүк тасымалдай алады, ұшу ұзақтығы – 3440 шақырым. 96 әскери қызметкер немесе 82 десантшыны тасымалдай алады. Ашық дереккөздерге қарағанда, бір ұшақтың құны – 37 млн доллар.