Теннистегі дау: WTA Рыбакинаның бапкеріне қатысты шектеуді алып тастады

Мейірман Лес
Getty Images

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуковқа қаңтарда қойылған дисквалификация апелляциядан кейін алынып тасталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz The Athletic басылымына сілтеме жасап.

МӘН-ЖАЙ

WTA өкілдері тәртіп кодексі мен қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін салынған кез келген санкция мұқият қаралатынын және тәуелсіз трибуналда шағымдануға болатынын мәлімдеді.

Вуков енді қайтадан турнирлерге аккредитация ала алады.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, Вуков US Open 2024-тен кейін уақытша жұмыстан шеттетілген. 31 қаңтарда ресми дисквалификация күшіне енгенімен, ол жазаны Roland Garros және Wimbledon кезінде де даулаған. Сол уақытта Рыбакина турнирлерден тыс та онымен жаттығуын жалғастырып, Страсбургтегі WTA 500 турниріндегі жеңісінен кейін бапкеріне алғыс айтқан.

Вуков Рыбакинаға “топас”, “ақыл-есің кем” деген сөздер айтқаны үшін жазаланған еді.