"Жеткіншекті зорлады" деп айыпталған күдікті Ресейден Қазақстанға экстадицияланды

Ulysmedia
фото: Ашық дереккөзден

Қазақстанда кәмелет жасына толмаған жеткіншекке жыныстық сипаттағы зорлық жасады деп айыпталған күдікті Ресейден Қазақстанға экстадицияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Бас прокуратура таратқан ақпаратқа қарағанда, күдікті былтыр қарашада Қостанай облысында кәмелетке толмаған, психикалық ауруға шалдыққан жасөспірімді үйінде жалғыз қалғанда оған зорлық жасаған. Ол жәбірленушінің ата-анасымен достық қарым-қатынаста болған.

Оқиғадан кейін күдікті Қазақстаннан кетіп қалған. Осыған байланысты Қазақстан құзырлы органдары оған халықаралық іздеу жариялаған.

Күдікті былтыр Ресейдің Челябі облысында ұсталған. Қазақстан бас прокуратурасының сұрауымен Қазақстанға экстрадицияланған. Қазір ол тергеу абақтысында қамауда отыр. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Контекст

Қылымыстық кодексінде педофилия үшін 15 жылдан 17 жылға дейін түрсе жазасы, және белгілі бір лауазым және қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру жазасы қарастырылған.

2018 жылдан бері химиялық кастрация жасау заңы күшіне енген. Ол «кәмелет жасына толмағандарды зорлады» деп айыпталған 18 жастан асқан сотталушыларға қолданылады.