Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қырғыз тілін ресми құжаттарда, жарнамалық материалдарда, карталарда,мемлекеттік және жеке меншік мекемелерде қолдануды күшейтетін заңға қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай
— Енді барлық ресми процестер құқық қорғау органдары мен ұлттық қауіпсіздік жұмысынан бастап нотариаттық іс-қимылдар мен банктік қызмет көрсетуге дейін мемлекеттік тілді қолдану арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Сонымен қатар, заң қырғыз тілін көші-қон, теледидар және радиохабар тарату салаларында, сондай-ақ сайлау рәсімдерінде қолдануға қойылатын талаптарды күшейтеді, – делінген хабарламада.
Контекст
Маусым айында Қырғызстан парламенті депутаттарды, министрлерді, судьяларды, прокурорларды және басқа да бірқатар лауазымды тұлғаларды қырғыз тілін білуді міндеттейтін түзетулерді мақұлдаған.