АҚШ-тың Монтана штатында екі ұшақ соқтығысты

Ulysmedia
скриншот

АҚШ-тың Монтана штатында екі ұшақ соқтығысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

АҚШ-тың Монтана штатындағы Калиспелл қаласының әуежайында қонуға бет алған ұшақ ұшу-қону жолағында тұрған екінші ұшақпен соқтығысты. Бұл туралы NBC Montana телеарнасы хабарлады.

Қақтығыс салдарынан екі ұшақ та өртке оранған. Ұшақ бортында болған адамдар жеңіл жарақат алған.

АҚШ Конгресінің өкілі Райан Зинке өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында:

«Менің қызметкерлерім Калиспелл-Сити әуежайында болған апат орнында жұмыс істеуде. Қазіргі мәлімет бойынша, ешкім ауыр жарақат алмаған. Мен жергілікті билік пен әуежай әкімшілігіне бұл оқиғаның салдарын жоюда қолдау көрсетемін», – деп жазды.