Жоғары табыс деңгейіне Қазақстан – 40, Өзбекстан – 100 жылда жетеді

Ulysmedia

Дүниежүзілік банк сарапшылары Орталық Азия елдеріне қанша уақытта жоғары табыс деңгейіне жететінін есептеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Мән-жай

Дүниежүзілік банктің есебіне сәйкес, аймақ бойынша Қазақстан мен Түркіменстан жоғары табыс деңгейіне шамамен 40 жылда жетеді. Қырғызстан 70 жыл, ал Өзбекстан мен Тәжікстанға ол үшін 100 жыл керек.

Дүниежүзілік банк елдерді жан басына шаққандағы табыс деңгейі бойынша төрт топқа бөледі: төмен (қазіргі уақытта 1,1 мың долларға дейін), орташадан төмен (1,1–4,5 мың), орташадан жоғары (4,5–14 мың) және жоғары (14 мың доллардан жоғары).