Алматының экс-әкімі Ерболат Досаевтың командасында болған тағы бір шенеунік қызметінен кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
Мән-жай
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин қызметінен кетті. Ол бұл қызметке Ерболат Досаевпен бірген, Қаңтар оқиғасынан кейін, 2022 жылдың ақпанында тағайындалған.
Асқар Әмринге дейін, 7 тамызда қала әкімінің тағы бір орынбасары Әсем Нүсіпова қызметінен босатылған.
Алматының қазіргі әкімі Дархан Сатыбалды бұл қызметке 24 мамырда тағайындалған. Оған дейін қаланы Ерболат Досаев басқарған.