Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Қырғызстан президенті Садыр Жапаровқа орыс тілі оқулығын сыйлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай
ТАСС агенттігінің жазуынша, Михаил Мишустин Қырғызстанға ресми іс-сарапмен барған. Ол қырғыз президентімен кездесуде Садыр Жапаровқа орыс тілі оқулығын сайлаған.
«Біз мәдени-гуманитарлық байланысымызды дамытуға ерекше мүдделіміз. Сіздің Владимир Путинмен келісіміңізге сай, Қырғызстанда екі елдің диплом стандартына тең болатын тоғыз орыс мектебін салу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз. Сізге орыс тілі қолданысына барынша назар салып жатқаныңыз үшін алғыс айтқым келеді. Осы сәтті пайдаланып, Садыр Нұрғожаұлы, сізге орыс тілі кітабын алып келдім. Осы оқулықтармен Қырғызстан балалары орыс тілін үйренеді деп үміттенемін», – деді Михаил Мишустин.
Тараптар кездесуде сауда-экономикалық байланысты дамыту, инвестициялық әріптестік мәселелерін талқылаған. Мишустин кездесуде мәдени-гуманитарлық байланыс саласы аясында Қырғыстанда тоғыз орыс мектебін салу мәселесіне тоқталған.
Қырғызстан мен Ресей серіктестігі аясында елде жаңа орыс мектептері пайда болмақ. Олардың алғашқы үшеуі Бішкек, Баткен және Қаракөлде салынады.
Екі жыл бұрын Қазақстанда да орыс тілінде сабақ беретін үш мектеп ашылатыны жайлы хабарланған. Олар Ресейдің қаржыландыруымен Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарына салынуы керек болған. Бірақ ол мектептердің құрылысы қанша уақытқа жалғасатыны, қашан ашылатыны әзірге белгісіз.