Ресей Қазақстанның алтынын жаппай сатып алып жатыр

Сырым Қаржас
gov.kz

2025 жылдың алғашқы жартысында Ресей Қазақстаннан алтын импорты көлемін айтарлықтай арттырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жарты жылда Ресейдің алтын сатып алуы 111,2 млн доллар болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп. Сондай-ақ, қазақстандық алтын көрші Қырғызстанға да көптеп жөнелтілді: экспорт көлемі 141,7 млн доллар, былтырғыдан 27,6% жоғары.

КОНТЕКСТ

Маусым айында Дүниежүзілік алтын кеңесі (World Gold Council) орталық банктердің жалпы сатып алған көлемі 22 тонна болғанын хабарлады. Қазақстан 7,4 тонна алтын сатып алып, әлемдік рейтингте екінші орынға шықты.