Трамп Зеленский мен Путиннің кездесуіне дайындала бастады

Сырым Қаржас
Фото: azerbaycan24.com

АҚШ президенті Дональд Трамп Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің бейбіт келіссөздер өткізуіне дайындықты бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Америкалық көшбасшы Дональд Трамптың айтуынша, ол Ресей президенті Владимир Путинге өзі телефон шалып, оның мен Украина президенті Владимир Зеленский арасындағы кездесуді ұйымдастыру процесін бастаған. Әзірге келіссөз өтетін орын нақты белгіленбеген.

- …Мен президент Путинге қоңырау шалып, келіссөздерге дайындықты бастадым. Кездесу қай жерде өтетіні кейін анықталады. Ол президент Путин мен президент Зеленскийдің арасында өтеді. Бұл кездесуден кейін екі президент пен менің қатысуыммен үшжақты келіссөздер жалғасады, – деп жазды Трамп Truth Social желісінде.

Трамптың айтуынша, бұл кездесу соғысты тоқтатуға қарай жасалған «уақытылы қадам» болмақ. Сондай-ақ ол алдағы уақытта өзінің қатысуымен үшжақты келіссөздер жалғасатынын атап өтті.