Қытай төрағасы Син Цзиньпин «Орталық Азия – ҚХР» саммиті Қазақстандағы «Қаңтар қасіреті» туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
«Біз сыртқы күштердің аймақта түрлі-түсті төңкерісті жасауға деген әрекетіне, адам құқығын сылтау етіп, ішкі іске араласуға тырысуына, біздің халықтарымыздың тыныш өмірін бұзуға мүлде қарсымыз. Қазақстанда жақында болған тәртіпсіздіктер адамдардың өлімі мен материалдық шығынға апарып соқты. Қазақстанның көршісі әрі досы ретінде Қытай Қазақстанның зорлық-зомбылықты тоқтату және жағдайды тұрақтандыруға күш салуын барынша қолдайды. Қытай Қазақстанға қажетті көмек пен қолдауды көрсетуге дайын. Президент Тоқаевтың қатаң басқаруымен Қазақстан халқы өз елінің жарқын болашағын ашады деп сенемін», - деді Қытай басшысы.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – ҚХР» саммитіне қатысуда. Саммитке ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жаппаров, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон бейнеконференция режимінде қатысып отыр.