Сарапшылар Қазақстанда АЭС салу жобасын қаржыландыру тетігін түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Eurasia.Expert шолушылары Қазақстанда АЭС салу жобасын қаржыландыруға қатысты пікір білдірді. Олардың айтуынша, бұл жағдайда Ресей үш қаладағы жылу электр орталықтарын салу бастамасында кездескен қиындықтардан құтылады. Айта кетейік, аталған жоба қаржылық мәселелерге байланысты тоқырап қалған болатын.
– АЭС жобасында жағдай өзгешелеу, себебі оның жүзеге асу мерзімі әлдеқайда ұзақ. Станцияны 2035–2036 жылдары іске қосу жоспарланған. Демек, нақты құрылыс пен жаңа станцияға арналған жабдықтарға келісімшарт жасау бірнеше жылдан кейін басталады. Сол уақытқа қарай Ресей экономикасындағы жағдай жақсарады деп болжанып отыр. Инфляцияның бәсеңдеуі Ресей орталық банкіне пайыздық мөлшерлемені төмендетуге мүмкіндік беруде. Бұдан бөлек, санкциялық шектеулерге бейімделу процесі жалғасуда. Мұның бәрі шетелдерде АЭС салу жобаларына мемлекеттік қаржы тарту мүмкіндігін қайта қалпына келтіреді, – дейді сарапшылар.
КОНТЕКСТ
8 тамызда Алматы облысында Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының құрылыс жобасын бастауға арналған салтанатты рәсім өтті.
Ал алғашқы атом электр станциясын Ресейдің «Росатом» компаниясы жетекшілік ететін консорциум салады. Жобаның алдын ала құны – 14 млрд доллар.