Путин мен Зеленскийдің кездесуі Венгрияда өтуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Венгрия Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің кездесу алаңына айналуы ықтимал. Бұл туралы Reuters АҚШ әкімшілігіндегі жоғары лауазымды өкілге сілтеме жасап хабарлады.
Дональд Трамп Зеленский және Еуропа көшбасшыларымен келіссөзден кейін сөйлеген сөзінде кездесудің нақты өтетін орны әзірге белгіленбегенін айтты. Оның сөзінше, алдымен Путин мен Зеленскийдің келіссөзі ұйымдастырылып, содан кейін АҚШ президенті қатысатын үшжақты кездесу жоспарланған.
Reuters Еуропа делегациясындағы дереккөзге сілтеме жасап, мұндай ретпен өткізу бастамасын Путиннің өзі ұсынғанын хабарлады.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Трамп Зеленский мен Путиннің кездесуіне дайындала бастағанын хабарлаған едік.
КЕЗДЕСУ ТУРАЛЫ
Сонымен қатар, АҚШ пен Украина басшыларының 18 тамыздағы келіссөзі қалай өткенін қысқа-нұсқа оқып шыға аласыздар.