Путин мен Зеленский кездесуге дайындалып жатыр - Трамп

Сырым Қаржас
Фото: Ian Langsdon / AP

АҚШ президенті Дональд Трамп Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің екіжақты кездесуге дайындық үстінде екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресей мен Украина лидерлері соғысты тоқтатудың мүмкін жолдарын тікелей, делдалдарсыз талқылай алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

- Менің президент Путинмен кездесуім өте сәтті өтті. Президент Зеленскиймен де өте сәтті кездесу өткіздім, енді олардың менсіз кездескені дұрыс болады деп ойладым, — деді Трамп The Mark Levin Show эфирінде.

Ақ үй басшысының баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитттің нақтылауынша, Путин Трампқа келіссөздерге дайын екенін растаған. Қазір, оның айтуынша, саммит өткізудің түрлі нұсқалары талқыланып жатыр.

- Екі лидер де келіссөздер үстеліне отыруға дайын екендерін білдірді, сондықтан біздің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі командамыз екі елге де мұны жүзеге асыруға көмектеседі, — деді Ливитт.

РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров «Россия-24» телеарнасына берген сұхбатында кездесу дайындығын растаудан бас тартты. Ол Мәскеудің дипломатиялық форматтардан бас тартпайтынын атап өтті, алайда жоғарғы деңгейдегі байланыстарды әзірлеуде «ең жоғары ұқыптылықтың» қажеттігін қадап айтты.

КЕЗДЕСУ ҚАЙДА ӨТУІ МҮМКІН

Бұған дейін Путин мен Зеленский Венгрияда бетпе-бет кездесуі мүмкін екені хабарланған болатын