Қазақстан арқылы Өзбекстанға жерасты жол қазғандарға үкім шықты

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Түркістан облысында сот бензинді заңсыз түрде Өзбекстанға тасымалдаған контрабандистер тобына үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Істе бес адам айыпталды. Оларды трансұлттық қылмыстық топ құрды, мұнай өнімдерін аса ірі көлемде ұрлап, сатты, сондай-ақ контрабандамен айналысты деп кінәлі деп таныды.

Жерасты жол

Сот дерегінше, 2024 жылдың жазында айыпталушылардың бірі Өзбекстан азаматының көмегімен қылмыстық схеманы ұйымдастырған. Сарыағаш ауданындағы шекарада топ мүшелері ұзындығы 375 метр болатын жерасты құбырын қазып шыққан.

Залал

2024 жылдың тамызынан желтоқсанына дейін олар осы құбыр арқылы 420 тоннадан астам АИ-92 бензинін өткізген. Залал сомасы 112 миллион теңгеден асқан.

Тараптардың ұстанымы

Прокурор ұйымдастырушыға 15 жыл, қалғандарына 12 жыл түрме жазасын тағайындауды сұрады. Ал айыпталушылар кінәсін мойындаған жоқ.

Үкім

Сот ұйымдастырушыға 15 жыл, оның сыбайластарына 13 жылдан жаза кесті. Олардың қолынан 16 мың литрден астам бензин, қолма-қол ақша және жүк көліктері тәркіленіп, мемлекет кірісіне өткізілді.