Ақмола облысында найзағай түсіп, бір бала көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ақмола облысындағы Біржан Сал ауданына қарасты Үлгі ауылында найзағай түсіп, 10 жастағы бала қайтыс болды. Тағы бір бала жарақат алған.
Полиция адам өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастаған.
«Біржан Сал ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері 2015 жылы туған баланың қайтыс болуы және 2010 жылы туған баланың жарақат алу дерегі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады»,– делінген полиция таратқан ақпаратта.