Босап шыққан адамдардың видеосы белгілі адвокат Абзал Құспанның әлеуметтік желісінде жарияланды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Абзал Құспанның айтуынша, бүгін босап шыққан 11 азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Денсаулық жағдайына байланысты оларды бұлтартпау шарасы өзгертілген.
Бұған дейін Абзал Құспан мемлекеттік хатшы Ерлан Қариннің қабылдауында болды. Оның алдында адвокат митингке қатысушыларға қатысты құқық қорғау органдарындағы материалдар бойынша қоғамдық комиссия құруды ұсынған еді. Президент әкімшілігі оның бұл ұсынысын қолдап, қазіргі уақытта қоғамдық комиссия мүшелері прокурорлармен бірлесіп, ұсталған азаматтардың ісін зерттеп жатыр.