Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путинмен бейбіт реттеу мәселесін талқылау үшін саммит өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Ол мұндай кездесу Австрияда, Швейцарияда немесе Түркияда өтуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz DW-ге сілтеме жасап.
«Бейтарап алаң» талабы
Зеленскийдің сөзінше, келіссөздер бейтарап еуропалық елдерде өткен әділетті болмақ.
- Швейцария, Австрияда өтсе біз келісеміз. Түркия — НАТО мүшесі әрі Еуропаның бір бөлігі, оған да қарсы емеспіз, — деді ол журналистерге.
Мәскеу мен Будапешт нұсқасы
Украина басшысы келіссөздерді Мәскеуде өткізу мүмкін еместігін атап өтті. Сондай-ақ Будапештті алаң ретінде қарастыруға қарсы екенін жеткізді. Оның айтуынша, Венгрия Украинаға қолдау көрсетпейді және елдің Еуроодаққа кіруіне қарсы позиция ұстанып отыр.
Бұған дейін
Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің екіжақты кездесуге дайындық үстінде екенін мәлімдеген болатын.