Астаналық жігіт АҚШ-тағы тегін оқудан бас тартты

Сырым Қаржас
фото: digitalbusiness.kz

Астаналық жігіт өз стартапын дамытуға шешім қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Ерасыл Тәуекелге 20 жаста. Digital Business мәліметінше, ол бала кезінен ғарыш саласында жұмыс істеуді армандаған. 7-сыныпта ракета модельдеумен айналыса бастаған, 13 жасында алғашқы зымыранын ұшырған, ал 15 жасында NASA бағдарламасына қатысқан. Ол кибершабуылдардан ғарыштық инфрақұрылымды қорғаумен айналысатын Delray Starlance стартапын құрды. Ерасыл Нью-Йорк университетіне түссе де, ол жақта оқуды жалғастырмаған.

- Биыл көктемде Нью-Йорк университетіне (NYU) және бірнеше сингапурлық жоғары оқу орындарына инженерия бакалавриатына толық грантпен қабылдандым. NYU-ды таңдап, құжат рәсімдеуді бастадым. Алайда визалық орталыққа баруға бір күн қалғанда, Antler (Берлин) компаниясынан оффер алдым да, ғарыштық компания құру мүмкіндігіне бірден назар аудардым. Менің Delray Starlance жобам жасанды интеллект элементтері бар бағдарламалық қамтама әзірлейді. Ол ғарыштық инфрақұрылымға жасалатын кибершабуылдардың алдын алуға көмектеседі. Қазір мұндай жағдайлар өте жиі кездеседі, – деді ол.

Бұған дейін

Еске салайық, бұған дейін АҚШ-та мансап құрған қазақ қызы бәрін тастап, Қазақстанға оралғаны туралы жазған едік