Toyota бірнеше рет аударылды: Жаңаөзендегі үш көлік соқтығысты

Сырым Қаржас
Видеодан алынған кадр

Жаңаөзенде бірнеше көліктің қатысуымен жол апаты болды. Lexus-пен соқтығысқан Toyota бірнеше рет аударылып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 22 тамыз күні сағат 10:37-де қалада ең көп көлік жүретін қиылыстардың бірінде болған.

Lexus жол талғамайтын көлігі Toyota Hilux пикапымен соқтығысқан. Соққының күші соншалық, Toyota бірнеше рет аударылып, қиылыстағы ПАЗ автобусын соққан, деп жазды Lada.kz.

Бұл оқиға бейнебақылау камерасына түсіп, әлеуметтік желілерде дереу тарап кетті.

Полицияның дерегінше, қаза тапқандар жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау және қатысушылардың кінә дәрежесін белгілеу бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін 19 тамызда таңертең Абай облысы Үржар ауданының Бестерек ауылында жантүршігерлік жол апаты болды. Полиция дерегінше, Toyota маркалы автокөлікті тізгіндеген 55 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, жолдың небәрі он метрдей жерінде тұрған балаларды қағып кеткен. Соның салдарынан екі бала оқиға орнында көз жұмды, тағы біреуі ауруханаға барар жолда қайтыс болды.