Жексенбіде Қазақстанның бес өңірінде жаңбыр жауады

Сырым Қаржас
Freepik

"Қазгидромет" РМК 24 тамызға арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті құбылыстарға қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жексенбіде елдің бес өңірінде жауын-шашын мол түседі. Бұған батыс, шығыс және оңтүстік-шығыстағы фронтальды бөліктердің өтуі себеп болады. Бұл аймақтарда найзағаймен қоса жаңбыр мен бұршақ жауып, екпіні күшті жел соғады.

– Елдің батысы мен шығысында нөсер жаңбыр жауады. Ал антициклон әсерінен республиканың оңтүстік-батысы, солтүстік-батысы және солтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, – деді синоптиктер.

Ел бойынша жел күшейеді. Солтүстік-батыста, солтүстікте және орталық өңірлерде түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысында аптап ыстық болып, ауа температурасы +36°С-қа дейін көтеріледі, ал Атырау облысында +35…+37°С болады. Ақтөбе облысында +35°С, ал Маңғыстау облысының оңтүстігінде +38°С дейін ысиды.