Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийді Украинаның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, украин халқына бейбітшілік пен амандық тіледі.
АНЫҚТАМА
Украинаның Тәуелсіздік күні 24 тамызда атап өтіледі. Бұл күн 1991 жылы Жоғарғы Рада қабылдаған Тәуелсіздік туралы актіні еске алу үшін белгіленген. Аталған құжат елдің КСРО құрамынан шығып, тәуелсіз украин мемлекетін құрғанын заңды түрде бекітті. Бұл күн – Украинаның басты ұлттық мерекесі.