Алматыда 30 тамызға дейін Бостандық ауданындағы бір көше жабылады

Сырым Қаржас
usolie.info

Алматының Бостандық ауданында құбырларды ауыстыруға байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Шектеу Әбіш Кекілбайұлы көшесінің Байқадамов және Есқараев көшелері арасындағы бөлігінде қолданылады.

Ол 2025 жылғы 24-30 тамыз аралығында күшінде болады.

– Бұл шектеулер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмыстарды сапалы орындау мақсатында енгізіледі. Маршруттарыңызды алдын ала жоспарлап, уақытша қолайсыздықтарды ескерулеріңізді сұраймыз, – деп хабарлады "Алматы Су" мекемесі.

БҰҒАН ДЕЙІН

Айта кетейік, бұған дейін су құбырын ауыстыру жұмыстарына байланысты Мыңбаев көшесінің жекелеген бөліктерінде автокөлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілген еді.