Қазақ гимнастшыларына "реніш": автор өз туындысын рұқсатсыз пайдаландыңдар деп дау шығарды

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақ гимнастшыларының Бразилиядағы әлем чемпионатында өнер көрсетуінен кейін дау туды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақ гимнастшылары  Бразилиядағы әлем чемпионатында Sarmad тобының “Алаш аманаты” атты туындысына өнер көрсетіп шыққан. Туынды авторы Бауыржан Ақтайдың сөзінше, гимнастшылар оның рұқсатын алмапты. 

- Сіздерге бұл музыканы пайдалануға кім рұқсат берді?, – дейді Бауыржан Ақтай. 

ГИМНАСТШЫЛАР НЕ ДЕЙДІ

Бұл жайтқа қатысты жоғары категориялы жаттықтырушы Меруерт Балғынбаева пікір білдірді. 

- Мен қазір аздап абдырап отырмын, себебі мұндай жағдайға, бәлкім, алғаш рет тап болып тұрмын. Осы сәтте автор менімен байланысып, ренішін жеткізді. Яғни біз онымен келіспегенбіз, ол өз музыкасын пайдалануға рұқсат бермеген екен. Шынымды айтсам, мен 22 жылдан бері бапкерлікпен айналысамын. Әрқашан түрлі ұлттардың музыкасын таңдадық. Ал енді бірінші рет елімізді әлемдік аренада дәріптеу үшін, біздің музыка мен мәдениетімізді таныту үшін отандық қазақ музыкасын таңдаған едім. Бірақ осындай жағдайға тап болып отырмын. Айтарым: сіздің музыкаңызды біз енді қолданбаймыз. Міндетті түрде ауыстырамыз. Бірақ бұл мен бапкер ретінде қол қусырып отырамын деген сөз емес. Мен отандық музыканы таңдауды тоқтатпаймын. Тек басқа орындаушыларды таңдаймын, дейді жаттықтырушы. 

Ал автордың өзі “әзірге қолы тимей жатқанын, бұл жайтқа қатысты жауап беретінін” айтты.