Өскемендік әйел көлігіне нөмірдің орнына тегі жазылған тақтайша тағып алған

Сырым Қаржас
Видео кадры

Өскеменде әдемі видео үшін жол ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Әлеуметтік желілерде Өскемен қаласында автокөлік иесі көзге әсерлі көрініс түсіру мақсатында көлігінің мемлекеттік тіркеу нөмірін алып, оның орнына өз тегі жазылған сәндік тақтайша орнатып, қала көшелеріне шыққан бейнежазба тараған.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Полиция аталған азаматшаны анықтап, көлік құралдарын пайдалану ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сондай-ақ, ол қозғалыс барысында қауіпсіздік белдігін тақпағаны белгілі болып, бұл құқықбұзушылық үшін де жаза қолданылды.

ЕСКЕРТУ

ШҚО Полиция департаменті мемлекеттік тіркеу нөмірлері заңда белгіленген тәртіппен орнатылуы тиіс екенін ескертеді. Оларды ауыстыру немесе жасыру – заңға қайшы әрекет. Ал қауіпсіздік белдігін қолданбау жол-көлік оқиғасы кезінде ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.