Әуежайда өзін өртеп жіберген ер адамның жағдайы өте ауыр

Сырым Қаржас
Видео кадры

Кеше, 25 тамызда Алматы әуежайында өзін өртеп жіберген ер адамның жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ 

Алматының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ер адам жедел медициналық жәрдем бригадасымен №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді, жансақтау бөліміне жатқызылған. 

- Науқастың жағдайы өте ауыр. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің хаттамасына сәйкес толық көлемде ем қабылдап жатыр, дейді басқарма өкілі Ұлысмедиаға берген жауабында. 

ОҚИҒА ТУРАЛЫ

Еске салайық, кеше Алматы әуежайында ер адам өзін өртеп жібермек болды. Абырой болғанда, полицейлер жедел әрекет етіп, отты өшірді. 

Бұл жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.