Алматы әуежайында өзін өртеп жіберген ер адамның тағы бір видеосы тарады

Сырым Қаржас
Видео кадры

Алматы әуежайында ер адамның өзін-өзі өртеу сәтінің тағы бір видеосы турагенттікте көрсетілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Кадрларды әуетурагенттіктің директоры Гүлмира Сәдуақасова таратты. Оның айтуынша, ер адам ғимаратқа кіріп, телефон сұрап, рейске үлгермей қалғанын айтқан.

– Сосын өзіне бензин құйып жіберді. Біздің агент одан сыртқа шығуын өтінді, ол оны шығарып жіберді де, кейін өзін өртеп жіберген. Біздің қызметкеріміз Ксения абыржыған жоқ, анық әрі жылдам қимылдады! Видео да үш есе жылдамдықта көрсетілген. Ол жігіттің басынан не өткенін білмеймін, бірақ ол әуежайға тұтанғыш сұйықтықпен келген, – деді Сәдуақасова.

ОҚИҒА ТУРАЛЫ

Еске салайық, кеше Алматы әуежайында ер адам өзін өртеп жібермек болды. Абырой болғанда, полицейлер жедел әрекет етіп, отты өшірді. 

Бұл жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

ЖАҒДАЙЫ ҚАНДАЙ

Дәрігерлердің сөзінше, ер адамның жағдайы өте ауыр.