Бәсекелстікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстандағы 11 әуежайға байланысты тергеуді бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Агенттік авиакеросинге монополиялық жоғары баға белгілеу бойынша 11 әуежайға қатысты тергеп-тексеру бастады:
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ, «Қорқыт Ата әуежайы» АҚ, «Сары-Арқа әуежайы» АҚ, «Шымкент әуежайы» АҚ, «Әулие-Ата халықаралық әуежайы» АҚ, «Қостанай халықаралық әуежайы» АҚ, «Өскемен халықаралық әуежайы» АҚ, «Түркістан халықаралық әуежайы» АҚ, «Орал халықаралық әуежайы» АҚ, «Семей халықаралық әуежайы» ЖШС, «Жезқазған-Эйр» әуе компаниясы» АҚ.
Сонымен қатар авиакеросинді қайталама көтерме өткізу нарығындағы жеткізушілерге қатысты да тексерулер жүргізілуде.
АМӨЗ-ГЕ ҚАТЫСТЫ ТЕКСЕРІС
Бүгінгі күні агенттік 2023 жылы мұнайды қайта өңдеу қызметтеріне монополиялық жоғары баға белгілеу және ұстап тұру түріндегі үстем жағдайды теріс пайдаланғаны үшін «АМӨЗ» ЖШС-не қатысты тергеп-тексеруді аяқтады. Оның материалдары құқық қорғау органдарына жолданды.