Алматыда 35 млн теңгенің иесі табылмай, сот ақшаны мемлекетке қайтарды

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Алматыда 35 млн теңгенің иелері табылмай, сот оларды мемлекет кірісіне айналдырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алматы соты бұрынғы қаржы полициясының істері бойынша 2008 жылға дейін тәркіленген 35 млн теңгенің иесі жоқ деп танып, мемлекет кірісіне өткізуге шешім қабылдады деп жазады bes.media.

Аталған қаражат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің шотында сақталған, алайда олардың қайдан шыққанына қатысты құжаттар мен деректер табылмағандықтан, иелерін анықтау мүмкін болмады.

КОНТЕКСТ

Қаржы полициясы 2014 жылы таратылған еді. Жуырдағы бұл шешім Антикоррупциялық қызметтің ҰҚК құрамына қайта ұйымдастырылуына аз уақыт қалғанда қабылданды.