Атырау қалалық №2 соты әлеуметтік желілерде Takitok атымен белгілі блогерге үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қалай алдады?
Айыпталушы онлайн-ұтыстар мен түрлі акциялар өткізіп, тұрмыстық техника, әшекей бұйымдар ұтып алуға мүмкіндік беремін және көпбалалы отбасыларға көмектесемін деп уәде еткен.
Алайда бұл уәделер орындалмай, жазылған сыйлықтар қолданысқа берілмеген. Тергеу барысында 68 адамның жәбірленуші екені анықталды. Олардың әрқайсысы бірнеше мыңнан жүздеген мың теңгеге дейін шығын шеккен, деп жазады “Ақжайық”.
Сот үкімі
Сот әйелді ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі («Ірі көлемде алаяқтық») бойынша кінәлі деп таныды. Оған 3 жыл 1 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.