«Оператор РОП-тың» басқарушы директоры өзіне қол салды

Ulysmedia

Утилизациялық алымға жауапты болған «Оператор РОП» компаниясының басқарушы директоры Руслан Шәмшиев қайтыс болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

24kz-ның мәліметінше, Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті оның өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін деп отыр. Қазір осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалған. Марқұмның бұл компанияға былтыр ғана жұмысқа келгені айтылады.    

Айта кетейік, бүгін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ Операторы» ЖШС Басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевтың ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.