Тоқаев Стратегиялық зерттеулер институтының басшысын ауыстырды

Ulysmedia

Мемлекет басшысының өкімімен Зарема Каукенқызы Шаукенова Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

«Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымына тағайындалды», - делінген сонымен қатар Ақорда таратқан ақпаратта.