Сенат отырысы ауыс-түйіспен басталды

Ulysmedia

Сенаттың бүгінгі отырысы палата ішіндегі шағын ауыс-түйіспен басталды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Алдымен депутат Ольга Перепечинаны Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы лауазымынан босату туралы мәселе қаралды. Ольга Перепечина Сенат төрағасының орынбасары болды.

Ал оның орнына Серікбай Тұрымов сайланды. Депутаттардың бәрі екеуіне бір ауыздан дауыс берді.