Қазақстанда сайлау ережелері қатаңдайды

Ulysmedia
Ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаттары сайлау туралы Конституциялық заңға өзгерістер енгізуді талқылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жаңа түзетулерге сәйкес, енді бір кандидат бірнеше округтен сайлауға түсе алмайды, Мәжіліс пен мәслихатқа қатарынан үміткер болуға да тыйым салынбақ. Әкімдікке баратындар арнайы сайлау қорын құруы тиіс болады.

Сондай-ақ, президентке, депутаттарға, әкімдерге және ОСК мүшелігіне үміткерлер ауыр қылмыс бойынша сотталмаған болуы шарт. Үгіт-насихат жүргізу тәртібі де нақтыланады.

Ал заңды бұзғандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылып жатыр.

Динара Жарқынбек