Мәжіліс кулуарында журналистер ІІМ басшысы Ержан Сәденовтен депутаттардың автокөліктердің алдыңғы әйнектерін ақылы түрде тонировка жасауға рұқсат беру ұсынысына қатысты пікірін сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ержан Сәденов бұл ұсынысты қолдамайтынын айтты.
- Қазіргі таңда рұқсат етілген норма бар. Артқы әйнектер зауыттық стандартқа сәйкес ғана қоюлануы керек. Ал барлық әйнектерге толық тонировка жасау қауіпсіздік мақсатында қабылданбайды, – деді ол.
Әйнектерді толық қараңғылау - жүргізуші мен жолаушыға қиындық тигізіп, жол қозғалысына қауіп тудырады. Сондықтан шектеу қажет.
Министр бұл шешімнің лі күнге дейін қаралмағанын атап өтті.
Динара Жарқынбек