Депутат Абзал Құспан соңғы күндері қоғамда қызу талқыға түскен Абаевтың Қазақстандағы тіл мәселесіне қатысты мәлімдемесіне шүйлікті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
- Мен осы мәлімдемені оқыдым. 95% халық орысша сөйлейді деген сөз – өте ұят нәрсе. Тіл саясатын осылай қолжаулыққа айналдыруға болмайды, әсіресе қазақ тілін қорғамау – тілдің бетіне түкіргенмен тең. Өз қандасының аузынан шықса, ауыр. Ел атынан шыққан лауазымды тұлғаның айтуы- екі есе ауыр, – деді депутат.
Құспан сондай-ақ шетелдегі дипломатиялық ұстанымға қатысты ой бөлісті. Оның айтуынша, жат жердегі елші мұндай мәлімдеме жасаса, сол елдегі азаматтардың көңілін табу, арадағы татулықты сақтау үшін айтылған болуы мүмкін.
– Бірақ оны сәл басқаша жеткізу керек еді. Сондықтан мен бұл пікірмен толық келіспеймін. Ұят болды, – деді депутат.
КОНТЕКСТ
Осыдан 2 күн бұрын Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев ТАСС агенттігіне берген сұқбатында “қазақстандықтардың 95%-ы орыс тілінде сөйлейді. “Бұл – халықтың күші” деп мәлімдеген еді.
Динара Жарқынбек