Қазақстандықтар Якутияда заңсыз алтын өндірумен айналысқан

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Якутияда қазақстандықтардан 94 млн теңгенің алтыны тәркіленді. Екі қазақстандық азамат заңсыз алтын өндірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Якутияның Нам ауданында полиция қызметкерлері нөмірсіз жүрген Toyota Vellfire көлігін тоқтатқан. Ішінде 48 жастағы Кемерово облысының тұрғыны мен үш жолаушы болған, олардың екеуі – Қазақстан азаматтары.

Көлікті тексеру кезінде жүк салғыштан шамамен 2,5 келі табиғи алтын және 430 мың рубль табылды.

Тергеу мәліметінше, бұл азаматтар биылғы жазда арнайы Якутияға келіп, Верхоян ауданы аумағындағы кен орнында қолмен алтынды өз беттерінше жуып алған. Олардың алтын өндіруге тиісті лицензиясы болмаған.

– Заңсыз қызмет барысында қымбат металды Ресейдің бір өңіріне апарып, кейін сату мақсатында алып шықпақ болған, – делінген ресми хабарламада.

Ұсталған ер адамдар қамауға алынды.