Қазақстанға ғарыш экспортынан $75 млн табыс түседі

Ulysmedia
advantour.com

Қазақстан үш жаңа космикалық аппаратты Нигерия, Конго және Монголиға экспорттап, бюджетті $70–75 миллион толықтырады. Бұл туралы сенаттағы брифингте цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Малик Олжабеков мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазір Қазақстанда 5 спутник жұмыс істейді: үш спутник – Жердің көрінетін бетін түсіру үшін, ал екі спутник – радио мен теледидар сигналдарын тарату үшін қызмет атқарады.

Сондай-ақ, 6 жаңа аппарат әзірленіп жатыр: төрт оптикалық Жерді зондтау және екі радарлық спутник, олар радиолокациялық технология арқылы Жердің беткі қабатын 3D деректермен қамтамасыз етеді. Үшеуі экспортқа жіберілмек. 

- Спутниктерді 2026 жылдың соңына дейін дайындап, 2027 жылы ұшыруды жоспарлап отырмыз. Қалған үш аппарат 2028–2029 жылдары дайын болады, – деді Олжабеков.